HTC Sync Manager

< < Menu

Егер HTC Sync Manager енді қолдау көрсетілмейтін болса, мазмұнды телефоныма қалай тасымалдаймын?

Егер осы HTC телефондарының бірін пайдалансаңыз:
  • HTC Desire 12, HTC Desire 12‍+, HTC U12‍+ және кейінгі телефон үлгілері
  • HTC U11 және HTC U11+ сияқты Android 9 нұсқасына жаңартылған HTC телефондары

HTC Sync Manager қолданбасына енді қолдау көрсетілмейді.

Мазмұнды тасымалдау үшін төмендегі әдістің бірін пайдаланыңыз:
  • HTC тасымалдау құралы

    Бір телефоннан екінші телефонға мазмұн тасымалдау үшін ескі телефоныңызға HTC тасымалдау құралы жүктеп алыңыз және оны жаңа телефонға мазмұн тасымалдау үшін пайдаланыңыз.

    Мәліметтер алу үшін Android телефонынан мазмұн тасымалдау бөлімін қараңыз.

  • Google Drive

    Зауыттық қалпына келтіруден бұрын телефоныңыздың деректерінің қосалқы көшірмесін Google тіркелгісіне жасаңыз, ол Google Drive жадында сақталады. Зауыттық қалпына келтіруден кейін телефонды орнату кезінде деректеріңізді қалпына келтіре аласыз.

  • Файлды басқару бағдарламалық құралы (Windows компьютерінде)
    1. Телефонды компьютерге қосудан бұрын компьютеріңіз Интернетке қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Телефоныңыз үшін тиісті құрылғы драйвері автоматты түрде жүктеп алынады және орнатылады.
    2. Драйвер сәтті орнатылғаннан кейін компьютер мен телефон арасында файлдар көшіру үшін Жетектеуші сияқты бағдарламалық құралды пайдаланыңыз.
  • Файлды тасымалдау бағдарламалық құралы (Mac компьютерінде)

    Mac компьютеріңіз бен HTC телефоны арасында мазмұн тасымалдау үшін компьютеріңізде Android файл тасымалдау сияқты файл тасымалдау бағдарламалық құралын пайдалана аласыз. Жүктеп алу үшін android.com/filetransfer/ мекенжайына өтіңіз және Android файл тасымалдау құралын пайдалануды үйреніңіз.